Әліби Жангелдин атындағы орта мектептің тарихы


Қазіргі Қызан аулындағы  Әліби Жангелдин атындағы орта мектептің тарихы  оның қабырғасы қаланған 1937 жылдан емес, қазіргі ауыл аумағын мекен еткен көшпелі тұрғын халықтың балалары оқыған кеңес үкіметі ұйыдастырған (1930-1937жж) көшпелі бастауыш мектептер мен патша үкіметі кезіндегі (XVIII-XXғ)  мешіт медіреселерден бастау алады.

1974-75 оқу  жылында  мектеп он жылдық болды. Ауыл іріленіп, орталық «Ақшымырау» совхозы болғаннан кейін 1976 жылы 1 қыркүйегінде   жаңа типтік 320 орынды екі қатарлы мектеп үйі пайдалануға беріліп, одан бері де, сан тарау жолға, сандаған шәкірттерді ұшырып жатыр.

“ Сол кездегі мектеп өмірін сөз еткенде, ерекше екі адамды айтуды парызым деп санадым. Бұлар – кабинет  жасақтаудың тұңғыш шеберлері тарих пәні мұғалімі Себенғали Шомбалұлы мен биология пәні мұғалімі – Айжақсы Бөрішқызы еді. Екеуі де бүкіл аудан бойынша, тұңғыш рет биология және тарих кабинеттерін өте жақсы жабдықтап, бүкіл елге үлгі болып еді. Мектептерде алғаш ұйымдасып жатқан мұражай үйін де  қолға алып, арнайы бөлме ашып, алғашқы ұйымдастырушы болған Себенғали еді. Екеуінің де жаны үнемі жаз, мектепке күліп келіп, күліп кететін. Өзім жұмыстас болып келген мектеп басшылары: Телемгенов Ораз (1980-1981жж),Жолов Қаржау (1981-1984жж), Қодаров Аманқос (1984-1996жж),  Нұрқанов Ізмұқан (1996-2002жж) сияқты азаматтар, заман қайшылығына қарамастан, ағалар салып кеткен жолмен, мектептегі 50-60 мұғалім мен 600-650-дей оқушыны ұлы жолда бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, тәрбиелеп  жатты” - деп еске алады Ж.Әуелбайұлы.

Кәзіргі таңда мектеп ұжымы тату-тәтті, ынтымақта, бір кісідей ұйымшыл, іскер ұжым ретінде аудан обылыс көлемінде танылып келеді. Мектеп директорымыз Бисенов Бердіқожа. 

Мектептің бетке ұстар аға буын өкілдері: Ж.Әуелбайұлы (2002-2009жж), С.Өрбісінов,  С.Оңдабаев (2009-2013жж ), Р.Төлеген, Қ.Айжанақ , М.Көбеген, М.Отарқұлова ,Т.Найзаева,  Ы.Төлеубаева, Ә.Қаниева, К. Қойшыбаева, С.Ораова, Н.Шамұратова, А.Жалғасбаева, А.Әмірова, Г.Бекова, Т.Жанбай, Р.Сүлейменова, А.Айынова, С.Кенжебаева, Р.Тілепиева

Орта буын  өкілдері: А.Қошабаева,  К.Іданова,  Г.Өмірханова,  Ж.Құдайбердиева, Ж.Көшбай, Л.Тұрарова,  С.Ермағанбетова, Г.Тегісбай.

Жас буындар өкілі:  Н.Досекенов, М.Бекова Г.Үбжанова,  Г.Әмірова Ж.Қармысова,  А.Қоңырбаева. Бұл мұғалімдерді  мектептің қандай саласы болса да алып кете алатын толыққанды ұстаздар деп айтуға болады. 

Бұл мектептен екі «Алтын медаль» иегерлері шықты. Олар 1980-1990 жылдардағы Қаражанова Марал және 2010-2011 жылы Түйешиева Кәмшат. 

Мектебімізден Нұрлан, Фархад Мусаевтар, Шынар Түйешиева, Еділ Бекмұратов сияқты ақындар,   Мұңалбаев Дидар сияқты әншілер шықты. 

Мектептің спорттық жетістігі Маңғыстау облысының мақтанышына айналды. Спорттық кикбоксинг түрінен  оқушыларымыз Селбай Өнербек, Қалдыбаев Бауыржан, Ноғаев Сұлтан, Жалғасов Шерхан, Жұбатыров Бекболат  Қазақстан қалаларымен қатар шетел қалалары Сибай, Минск, Анапа қалаларынан «Алтын», «Күміс», «Қола» медальдардың бірнешеуін алып, Қызан ауылының атағын шығарды.  2012-2013 және 2013-2014 оқу жылында оқушылары спорт саласында  халықаралық деңгейде өнер көрсеткен аудандағы жалғыз мектеп Әліби  Жангелдин  мектебіне  “ Спорт саңылағы ” номинациясы берілді.

Бұл күнде мектепте 415 оқушы мен 76 мұғалім бар. Олардың 10-ы жоғарғы санатты, 26-сы І санатты, 20-сы ІІ санатты, 4 мұғалім «Назарбаев зияткерлік мектебінің» толық курсын бітіріп, сертификаттарын алды, 26 сынып комплектісі бар.  

Соңғы жаңалықтар