Қош келдің - Әз Наурыз!

"Қош келдің - Әз Наурыз!" атты тәрбие сағаты.

2 в сыныбы, сынып жетекшісі - Унгарбаева Аяужан 

Қазағым, наурызың құтты болсын, 

Көтерген шаңырағың биік болсын. 

Тілектері ұлтымның қабыл болып, 

Жақсылығын бір Алла иіп тұрсын. 

Наурыз тойы- ақ батаның бастауы, 

Береке мен бірліктің жалғасуы. 

Жеті түрлі қасиетті дәмменен, 

Байтақ елдің бір толады астауы. 

Наурыз келіп көктем сазы білінер, 

Ойнап- күлген жас балалар жүгірер. 

Жаңа жылы қазақ деген ұлы елдің, 

Наурыз ай шаттықпенен нұр берер. 

Гүлі шығып дала жайнап құлпырған, 

Далам қандай тамаша еді ән тұңған. 

Бусап жатыр далам бүгін терлене, 

Баурайынан қары кетіп құрсанған. 

Алтын күні шуақ шашып аспаннан, 

Жаңа жылым жыр думанмен басталған. 

Ақ дастархан жайып қазақ төріне, 

Ақ ниетпен үлкендерден бата алған. 

Жаңа жылым келіп жетті аңсаған, 

Басқа ұлттармен татулыққа жар салған. 

Дәстүрімен мақтанамын елімнің, 

«Мен қазақ!»- деп дүниеге жар салам. 

Қазағымның жаңа жылы келгенде, 

Елім менің қуанышта жүргенде. 

Мендегі өлең тау суындай тасйды, 

Қазағымның шаттық жүзін көргенде. 

Наурыз келді ал тойлаңдар, жараңдар, 

Келген мына мерекеге қараңдар. 

Шашу шашып ақ жаулықты әжелер, 

Тойда бүгін ойнап- күліп тараңдар!  

Жарияланған күні: 22-03-2017  



06-02-2019  

"Зерде" республикалық байқауының жеңімпаздарын мектепшілік марапаттау сәті.

icon...

06-02-2019  

"Зерде" республикалық байқауы

icon       2019 жылдың 30 қаңтар - 01 ақпан аралығында  "Балдәурен" Республикалық оқу-сауықтыру орталығының (Ақмола облысы Щучье қаласы) базасында 1-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының ХІҮ Республикалық "Зерде" конкурсында  Ә.Жангелдин атындағы орта ...

20-12-2018  

Демеушілік шоттар

icon...

: Маңғыстау аудандық қазынашылық басқармасының 19.12.2018 жылғы №341 хатына сәйкес "Ә.Жангелдин атындағы орта мектеп" мемлекеттік мекемесінде заңды түрде арнайы шот ашылғандығын хабарлаймыз!
02-02-2018  

Ә.Жангелдин атындағы орта мектеп мұғалімдерінің мектеп шараларына қатысқан кездері

icon ...

30-05-2017  

"Дарабоз" спорттық теле сайысы

icon"Қазақстан- Ақтау" телеарнасындағы "Дарабоз" спорттық теле сайысы өтті. Маңғыстау ауданы, Қызан ауылы, Жангелдин орта мектебінің "Жас ұлан"командасы  ІІІ орын иеленді. ...

22-03-2017  

Қош келдің - Әз Наурыз!

icon"Қош келдің - Әз Наурыз!" атты тәрбие сағаты. 2 в сыныбы, сынып жетекшісі - Унгарбаева Аяужан  Қазағым, наурызың құтты болсын,  Көтерген шаңырағың биік болсын.  Тілектері ұлтымның қабыл болып,  Жақсылығын бір Алла иіп тұрсын.  Наурыз тойы- ақ батаның бастауы,  Береке мен бі...

18-03-2017  

Халық дәстүрі-асыл қазына

icon"Халық дәстүрі-асыл қазына" атты Тегісбай Гүлсараның 7 "А" сынып оқушыларымен ұйымдастырылған тәрбие сағаты  ...

09-03-2017  

Пай-пай,қазақтың келіндері-ай!

iconӘ.Жангелдин атындағы орта мектеп мемлекеттік мекемесінде 8-Наурыз халықаралық әйелдер мерекесінде өткен  "Пай-пай,қазақтың келіндері-ай!"атты мерекелік шара  ...

08-03-2017  

8 Наурыз, Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз!!!

Тағдырың байланысқан баламенен, Жолыңды тосып қарар даламенен, Аяла бойыңдағы бар сезімменен  Асқақтат асылыңды ана – деген. Аналар биік-биік төрденсіңдер Қызықты да, шыжықты да көргенсіңдер. Ақ жаулықты аналар аман болса, Әлі талай-талай бесікті терберсіңдер. Әйелд...

06-03-2017  

Жангелдин аруы-2017

iconМәдениет үйінде қыздар арасында  өткен "Жангелдин аруы-2017" сайысы.  ...

Соңғы жаңалықтар

Демеушілік шоттар

...

20 желтоқсан 2018
12